Жаналықтар


16.08.2016 Достар, «Шаттан» атты ән жинағымыз жарыққа шықпай тұрып, сіздерді қуанту мақсатында осы әнді ұсынамыз. Біз осы әнді үш тілде, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазуды ұйғардық. Басты мақсатымыз Құтқарушымыздың сүйіспеншілігін әрбір сенушінің жүрегіне жеткізу. 
Ән жинағымыз, 17 тамыз күні «СҮЙІНШІ» жастар конференциясында жарық көрмек, сонымен қатар ән жинақты Itunes пен Google Play-де жүктей аласыздар! 

1.06.2016 Біздің "Ақиқат таңы" журналымыздың 3/2016 саны жарыққа шықты. Онда "Ұрлық жасама" тақырыбы жан-жақты қарастырылған. Аудио нұсқасы дайындалуда.

Егер журналдың әр санын тұрақты түрде алғыңыз келсе, біздің мекенжайымызға хабарласыңыз.

1.04.2016 Біздің "Ақиқат таңы" журналымыздың 2/2016 саны жарыққа шықты. Онда "Неке адалдығын бұзба" тақырыбы жан-жақты қарастырылған. Аудио нұсқасы дайындалуда.
Егер журналдың әр санын тұрақты түрде алғыңыз келсе, біздің мекенжайымызға хабарласыңыз.

1.01.16 Біздің 2016 жылы жаңа пішінде басылымға шыққан "Ақиқат таңы" атты журналымызды ұсынамыз. Егер сіз журналды алғыңыз немесе жазылғыңыз келсе біздің мекенжайымызға хабарласа аласыз.

1.01.16 Құрметті оқырмандар, "Шарапат" журналының соңғы нөмірі жарыққа шықты. Оқып жүктеулеріңізге болады. Журнал жас өспірім және балаларға арналған. 

22.09.15 Құрметті көпшілік "Шығыс сәулесі" ұйымының атынан сіздерді шын жүректен құттықтаймыз. Себебі осы жылы жаңа ән жинақты сіздерге ұсынамыз. "Атың мадақталсын" деп аталады. Толық мәліметті электронды поштаға support@liokaz.org , facebook, вконтакте хабарласып алуыңызға болады.