АҚИҚАТ ТАҢЫ


Ақиқат таңы журналы

Жылына төрт рет басылымға шығатын "Ақиқат таңы" рухани ғибрат журналы 1997жылдан бастап жарыққа шыға бастады. 2002 жылы "Ақиқат таңы" журналы заңды түрде тіркелуден өтті.

Алғашында журнал тек қауымдар арасында ғана таратылды. Жылдар өте келе журналымыз барлық оқырмандарға арналып шығарыла бастады. 

2015 жылы журналымыздың мұқабасына QR - коды енгізіліп, сол арқылы журналды ұялы телефонға жүктеуге мүмкіндік туды.

Журналымыз А5 форматта, әдеттегі қағазда шығарылатын. 2016 жылдан бастап В5 форматта, түрлі-түсті болып басылымға шығарылуда.

Біздің журналымыздың әр саны белгілі бір тақырыптар бойынша басылымға шығып тұрады. Сіздер журналдың әр санынан уағыздар, куәліктер, әр түрлі мақалаларды оқи аласыздар.