ШАРАПАТ 


Шарапат журналы

Жылына алты рет басылымға шығатын «Шарапат» балаларға арналған рухани-танымдық журналы 2005 жылдың шілде айынан бастап жарыққа шыға бастады. Әр саны 1500 данадан басылып шығады. 2009 жылы «Шарапат» журналы заңды түрде тіркелуден өтті.

2015 жылы журналымыздың мұқабасына QR - код енгізіліп, сол арқылы журналды ұялы телефонға жүктеу мүмкін болды.

Біздің журналымыздың әр санынан балаларға қызықты әрі пайдалы мәліметті оқи аласыздар. Журналдың әрбір санында балаларға арналған тақпақтар, сөзжұмбақтар, басқатырмалар, сонымен қатар кішкентай оқырмандарымыздың суреттер галереясы мен журналға арнап жазылған тілек пен пікірлерді тамашалай аласыздар. 

Бізге оқырмандар өздерінің суреттерін, тілектер мен пікірлерін жолдауларына болады. Ешбір жолдау назарсыз қалмай, журналдың келесі санында міндетті түрде жарыққа шығады.